Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.05.2024ж. халық саны – 788,6 мың адам, оның ішінде қалалық - 447,3 мың адам (56,7%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,6%, орыстар – 26,5%, басқалар – 16,9%
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 756,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылғы деңгейге 100,4%.
2024 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 185 жаңа жұмыс орнын құрумен 2,3 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде ең ірілері:
- «Tenus» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты (кеңейту) (Аршалы ауданы, құны – 750 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 90 мың тонна);
- «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешенін салу (Көкшетау қ., құны – 400 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 48 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар).
2024 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 10,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 9,2 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге –
644,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 282,2 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 44,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 104,7%.
199,9 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (облыс орталығында жылу энергиясының тапшылығына байланысты коммерциялық тұрғын үйдің іске қосылатын алаңдарының азаюына байланысты 23%-ға төмендеді.).
Орташа айлық атаулы жалақы 2024 жылғы қаңтар-наурызда 313,3 мың теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 14,4%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 103,3%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 102,4%-ды құрады.
2024 жылдың 1 маусымына 232,9 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 97,5% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 201 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 94,1%, оның ішінде республикалық бюджетке – 111,5 млрд. теңге (болжамға 81,6%), жергілікті – 89,5 млрд. теңге (болжамға 116,2%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.
Білім беру саласында Көкшетау қаласындағы №4 мектеп-интернатқа қосымшаның құрылысы аяқталды.
Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол, Өтеміс аа.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 7 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (3 нысан) қалаларында 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 9 мектептің құрылысы жалғасуда: Целиноград ауданында 7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында - 2 жоба.
Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Новосельское ауылында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек Орталығының, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында 18 жобаны іске асыру басталды (Новорыбинка Ақкөл, Арайлы, Жалғызқұдық, Нұресіл, Оразақ Целиноград, Новокубанка Шортанды аудандарының ауылдарындағы 6 дәрігерлік амбулатория; Қына, Урюпинка және Новобратское Ақкөл, Бауман Егіндікөл, Төнкеріс, Қараменді батыр, Мәншүк, Өтеміс, Приречное Целиноград және Ключи Шортанды аудандарының ауылдарында 10 ФАПтың; Раздольное, Ынтымақ Целиноград ауданының ауылдарындағы 2 медициналық пункт).
2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 33,8 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 23 объектінің құрылысына (10,5 млрд.теңге) және 43 объектіні қайта жаңартуға (20,9 млрд. теңге), 14 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (236,3 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 6 объектіні ағымдағы жөндеуге (397,8 млн. теңге), 35 КБМ (1 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.
2024 жылғы қаңтар-мамырда ауыр қылмыстардың 1,3 есе өскені байқалды, олардың ашылуы 70,1%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар 1,5 есе ұлғайды, олардың ашылуы 100%-ды құрады.