Облыстық сайлау комиссиясының Ақмола облысында ауылдар, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 21 шілдеге тағайындау туралы хабарламасы.

Ақкөл, Ерейментау, Жақсы, Сандықтау, Целиноград аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының аудандық маңызы бар қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы 2024 жылғы 12 маусымдағы  қаулыларының негізінде 2024 жылғы 21 шілдеге Ақмола облысының келесі ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды:

Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі;

Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округінің әкімі;

Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімі;

Сандықтау ауданы Жамбыл, Максимов  ауылдық округтерінің әкімдері;

Целиноград ауданы Тасты ауылдық округінің әкімі.

Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
13 июня 2024