Ақмола облысының аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік туралы 2024 жылдың 5 айына арналған ақпарат

Бүгінгі күні облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы болып табылады, бұл мал шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды табысты іске асыруға және біздің облыс аумағында өндірілетін өнім мен шикізатты еркін әкетуге мүмкіндік береді.

    Ветеринарлық қауіпсіздікті қолдау үшін 2024 жылға облыстық бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді. (014-эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу бағдарламасына қосымша 122,2 млн. теңге бөлу талап етіледі). Бекітілген жоспарларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Бруцеллезге 228,4 мың ІҚМ және 304,7 мың ҰМ қан сынамалары зерттелді.

     Тексерілген қан сынамаларынан 532 бас ІҚМ оң әсер берді. Өңдеу кәсіпорындарына 458 бас тапсырылды. Жұқтыру пайызы-0,23%. Ұсақ малдан 93 бас оң әсер берді. Өңдеу кәсіпорынына 56 бас тапсырылды. Жұқтыру пайызы-0,031%.

     Құтыру, қарасаң, топалаң, нодулярлы дерматит, аусыл, құс тұмауы және жылқы ринопневмониясына вакцинация жасалды, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, маңқа және туберкулезге аллергиялық зерттеулер жүргізілді.

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру

     Күнтізбелік жоспарларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

     100,4 мың ІҚМ басы немесе жылдық жоспардың 63,5% сәйкестендірілді (Жоспар 158,1 мың бас); ҰМ - 133,6 мың бас немесе 66,0% (жоспар 202,4 мың бас); жылқы - 9,5 мың бас немесе 28,6% (33,1 мың бас) және шошқа - 12,8 мың бас 51,1% (24,9 мың бас).

                          Мал қорымдары бойынша өткізілетін іс-шаралар

     Ақмола облысының елді мекендерінде 265 мал қорымы бар, оның ішінде 8 типтік және 257 бірлік бұрын жұмыс істеген қарабайыр мал қорымдары.

    Облыстың елді мекендерін жануарлардың өлікселерін кәдеге жарату үшін үлгілік мал қорымдарымен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешу үшін облыс әкімдігі "облыс аумағында бар мал қорымдарын сәйкестендіру және жаңа үлгілік мал қорымдарын кезең – кезеңімен салу жөніндегі 2019 - 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын" (бұдан әрі-жоспар) бекітті.

    2023 жылға бюджеттен Біржан сал ауданында 5 мал қорымын ұстауға және қызмет көрсетуге 7 095,6 мың теңге бөлінді, Мемлекеттік сатып алулар жүргізілді "ЖК Сағындықова" басшы Сағындықова Шолпанай Маратқызы қызметті жеңіп алды.

    2024 жылы Біржан сал ауданының Үлгі, Степняк, Макинка, Мамай, Андықожа батыр ауылдарында, 5 типтік мал қорымын күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге 9616,8 мың теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді, сондай-ақ Ақмола облысында 9 жаңа типтік мал қорымын салуға бюджеттік өтінім берілді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

     Ақмола облысының ветеринария басқармасы(бұдан әрі-Басқарма) және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 2023 жылы мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетуді жүзеге асырды:

     Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

     Ветеринариялық анықтама беру;

     Ветеринариялық паспорт беру;

     Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру  

     (түзету).

    2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 45 221.

Ақылы негізде "ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2023 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болғанжоқ.

     Үш мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі:

     "Ветеринариялық анықтама беру", 2023 жылы барлығы 35 636 қызмет

      көрсетілді;

     "Ветеринариялық паспорт беру" 2023 жылы барлығы 9 529 қызмет

      көрсетілді.

      «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру  

     (түзету)» 2023 жылы барлығы 56 қызмет көрсетілді.

     2024 жылдың бес айында 22 276 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ветеринариялық анықтама беру бойынша 16590 қызмет, ветеринариялық паспорт беру бойынша - 5609 қызмет, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру      (түзету) 77 қызмет көрсетілді.

    Басқарма 2024 жылы ветеринария саласында лицензия беру бойынша 1 қызмет көрсетті.

     Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

 

Дата публикации
10 июня 2024