Ақмола облысының 7 сайлау округі бойынша тағайындалған 9 ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау науқаны өтіп жатыр.
Бұл ретте 7 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады. 2 -мерзімінен бұрын кетуіне байланысты(денсаулығына байланысты).
33 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 4 (12%); өзін-өзі ұсыну- 29 (88%).
4 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді.
29 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (14%) – «АМАНАТ» саяси партиясы; өзін-өзі ұсыну-25(86%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрайды.
29 үміткердің 10-ы (34%) -әйелдер.
Үміткерлердің 21 - белсенді мемлекеттік қызметші, 3- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, 1-коммерциялық құрылым қызметкері, 2- бюджеттік саланың қызметкері, 2-уақытша жұмыс істемейді.
Орташа жасы – 43,0 жаста болса, ең кішісі-27 жаста, ең үлкені -62 жаста.
Кандидаттардың 7-і (24%) өзі сайлауға түскен ауылдық округте тұрады, 22-і (76%) –басқа аулдық округте тұрады.