Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың қаңтар-сәуірде Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2024 жылдың қаңтар-сәуірде Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 106 118,9 млн. теңгені (НКИ – 99,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 983,8 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 105 122,4 млн. теңге (НКИ – 99,5%) құрады.

Облыста барлығы 9361 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1923 - заңды тұлғалар, 695 - жеке кәсіпкерлер, 6743 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-сәуірде 27,1 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 107,8% құрады.

2024 жылғы қаңтар - сәуірде азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,2 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 52,2% (қайта өңдеу кәсіпорындарына салынған күрделі салымдарды төмендету есебінен) құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,8% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 406 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 88,4 мың адам (2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 207 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% - ға өсті.

Дата публикации
23 мая 2024