Облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясы (бұдан әpi - Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республиқасы Еңбек кодексі негізінде облыстың атқарушы билік органдары өкілдерінің, облыс жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің, Комиссия жұмыс топтарының отырыстары, консультациялары, ұжымдық келіссөздері, еңбек және басқа да оған қатысты қатынастарды реттеудің негізгі бағыттары бойынша тараптар ұстанымдарын келістіру түрінде жүзеге асырылады.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республиқасының Конституциясын, Қазақстан Республиқасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, осы Ережені басшылық етеді.
Тұрақты қызмет ететін Комиссия келесі қағидаттары:
- Комиссияның қызметіне атқарушы билік өкілдерінің, қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерінің міндетті түрде қатысуы;
- тараптардың өкілеттілігі;
- тең құқықты өкілдік;
- тараптардың тең құқықтығы;
- тараптардың жауапкершілігі негізінде құрылады.
1.2. белгіленген тәртіпте уәкілетті жергілікті атқарушы органдарының өкілдері (облыстық әкімдіктің), облыс жұмыскерлері (облыстық жұмыскерлер бірлестіктердің) және жұмыс берушілерінің (облыстық жұмыс берушілер бірлестіктердің) өкілдері ретінде облыстық Комиссияның қатысушылары болып табылады .
1.3. Белгіленген тәртіпте тіркелген жұмыскерлер мен жұмыс беруші бірлестігінің әрқайсы өз өкілдерін Комиссияның сәйкес тарабының құрамына жіберуге құқылы.
1.4. Комиссия үйлестірушісі әлеуметтік әріптестік тараптардың бірлескен шешімі бойынша тағайындалады. Комиссия үйлестірушісі:
- тараптардың қызметіне қатыспайды;
- Комиссияның жұмысын, хаттамаларды жүргізуін және оларды орындауды бақылуын қамтамасыз етеді;
- Комиссия жұмысына қатысу үшін қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерін шақырады.
1.5. Комиссия тараптарының жеке құрамы әлеуметтік серіктестіктің әр тарапынан дербес құрылады.
Комиссия құрамында жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдерін (облыстық әкімдіктің) бекіту және ауыстыру олардың шешімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Комиссия құрамында атқарушы органдарының өкілдерін (облыстық әкімдіктің) бекіту және ауыстыру облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыскерлердің Комиссияда өкілеттілігіне қатысты даулы мәселелер жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі.
Жұмыс берушілердің Комиссияда өкілеттігіне қатысты даулы мәселелер жұмыс берушілер өкілдерінің бірлескен мәжілісінде шешіледі.
1.6. Комиссия өз қызметін әлеуметтік әріптестік тараптарының ұыныстары негізінде қалыптастырылатын өзі бекіткен Ережесіне, жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
1.7. Отырыстар тоқсанына кемінде 1 рет өткізіледі.