Ақмола облысының әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған КЕЛІСІМ

Бұдан әрі Тараптар, ал жеке-жеке Тарап деп аталатын өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүлтіксіз сақталуын мойындай отырып, Тараптардың тепе-тең өкілдігі мен тең құқықтылығы, қабылданған міндеттемелерді және сындарлы өзара іс-қимылды орындағаны үшін әрбір Тараптың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, жергілікті атқарушы органдар органдар, жұмыс берушілердің және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері өкілетті өкілдері арасында 2024-2026 жылдарға арналған осы өңірлік келісімді (бұдан әрі – Өңірлік келісім) жасады.

Өңірлік келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өңірде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту; өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарауды; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға бағытталған шараларды қабылдау; еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігі; әлеуметтік-еңбек саласындағы даулардың, жанжалдардың және ереуілдердің алдын алу және жолын кесу, оның ішінде жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеу және ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі кеңестің қызметті, сондай-ақ оның орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені; өзіне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі; оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережелерді қамтиды.

Дата публикации
23 мая 2024