«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.05.2024 - 17.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 18.05.2024 – 20.05.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

23.05.2024 – 25.05.2024

Сұхбат: 29.05.2024

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (№03-03).

 

Функционалдық міндеттері:

        ведомстволық бағынысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарынан дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есепті қабылдау және жасау, мүлікті беру жөніндегі қаулыларды орындау. Бюджет бойынша Қазынашылықтан түсетін құжаттарды өңдеу және № 2 мемориалдық ордер жасау. «Е-Қаржымині», «Мемлекеттік тізілім», «ҚР ЭШФ АЖ», «Қазынашылық» АЖ», «Парус-Каз бюджеттік жоспарлау», «ҚР мемлекеттік сатып алу» бағдарламасындағы жұмыс жүргізу. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігінің нысандарын орындау мерзімдерін сақтау. Уәкілетті мемлекеттік органға басқарма бойынша бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну. Аванстық есептерді қабылдау, тексеру, өңдеу,  №8 мемориалдық ордерді жүргізу. Статистика департаментіне статистикалық есептілікті ұсыну. Ведомстволық бағынысты мекемелерден келіп түсетін хаттарды, өтініштерді, шағымдарды уақытылы қарау.

 

Білімі бойынша талап:

        бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
10 мая 2024