Ақмола облысы қаржы басқармасы жергілікті бюджеттердің орындалуын жиынтық-аналитикалық талдау және ақпараттық жүйелер бөлімінің бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.05.2024 - 15.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 16.05.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 19.05.2024
Сұхбат: 22.05.2024

Анықтама телефоны: 87162722931

D–O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы қаржы басқармасы жергілікті бюджеттердің орындалуын жиынтық-аналитикалық талдау және ақпараттық жүйелер бөлімінің бас маманы.

 

Функционалдық міндеттері:

        Бөлімнің құзіреті шегінде түсімдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын, төлемдер мен міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру, облыстық мәслихат сессиясының шешімдерін, әкімнің қаулыларын, өтінімдерді іске асыру бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыс бойынша өңірлер бөлінісінде түсімдер мен салықтарды күн сайын есепке алу. Облыс бойынша түсімдердің бекітілген және нақтыланған жоспарларын қалыптасыру. Жергілікті бюджеттердің кіріс және шығыс бөлігін атқарудың апта сайынғы мониторингі. Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері және несиелер мониторингінің нәтижелері туралы есептерді жасау. Облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің пайдалануына мониторинг жүргізу. Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің түсімдерін есепке алу. Облыс бюджетінің түсімдерінің орындалуын талдау. Бөлімнің құзіреті шегінде облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру. Бюджеттің атқарылуы бойынша талдамалық есептерді, кестелерді және слайдтарды жасау.

 

Білімі бойынша талап:

Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

          Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
06 мая 2024