2024 жылғы 5 мамырға тағайылданған Ақмола облысындағы ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ.

2024 жылдың 5 мамырда 6 сайлау округі бойынша, Аршалы ауданы- Ижев ауылдық округі, Атбасар ауданы Сепе ауылдық округі, Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы,Сандықтау ауданы Ақсораң ауылдық округі, Зеренді ауданы Викторовский ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 5067  азамат енгізілді, оның ішінде 3641 дауыс беруге қатысты. Әкімге кандидаттар саны  – 19 адам.

Барлық 6 сайлау округінде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 4 адам, өзін өзі ұсыну -2.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 82,98%(Зеренді ауданы Викторовский ауылдық округі), минималды – 59,69 % (Целиноград ауданы Қызылсуат ауылдық округі).

Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, БАҚ-та жарияланатын болады.

Дата публикации
06 мая 2024