«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.05.2024 - 10.05.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 11.05.2027 – 13.05.2024

        Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:   

       16.05.2024 – 18.05.2024

        Сұхбат: 22.05.2024

        Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок С) үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 086 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы құқықтық қолдау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2024 жылғы 4 тамызды қоса алғандағы мерзімге жүктілігі және босану бойынша демалысы кезеңіне) (№ 07-02).

 

Функционалдық міндеттері:

Кіріс, шығыс хат-хабарларды уақтылы өңдеуді және есепке алуды қамтамасыз етеді. Құжаттамалық материалдардың кеңсе арқылы өтуін есепке алу карточкасын жүргізеді және олардың орындалу мерзімдерін және кіріс бақылау құжаттарының орындалуы бойынша жиынтық деректерді жасауды бақылауды жүзеге асырады. Дайындау және мұрағатқа тапсыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Басқарма мұрағатын жүргізуді ұйымдастырады. Денсаулық сақтау. Іс жүргізуді бақылауды, денсаулық сақтау басқармасында құжаттарды есепке алу және сақтау тәртібін жүзеге асырады. Басқармада іс жүргізу бойынша іс номенклатурасын және нұсқаулығын әзірлейді. Басқарма басшысы үшін Бақылау құжаттарының орындалу барысы туралы есептерді дайындау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Құжаттаудың, құжаттармен жұмыс істеудің бірыңғай тәртібін сақтауды, құжат айналымының электрондық бағдарламасында
хат-хабарларды қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асыруды ұйымдастырады. Құжат айналымының электрондық бағдарламасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді, компьютерлік және өзге де өңдеуді жүзеге асырады. Жаңа компьютерлік бағдарламалардың жұмысын әзірлейді, енгізеді және тексереді. Құжаттардың, бланкілердің дизайнын әзірлейді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштерді тіркеу мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды, Ақмола облысының басқарма және медициналық ұйымдар аппараты бойынша келіп түскен өтініштердің Ф2О тоқсан сайынғы есептерін дайындайды және облыс әкімінің аппаратына жібереді, өтініштерді қарау мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуді бақылайды.

 

Білімі бойынша талап:

Бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне,
не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
04 мая 2024