АӨК негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-наурызда Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 76 001,5 млн. теңгені (НКИ – 96,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 754,3 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 75 238,4 млн. теңге (НКИ – 100,2%) құрады.
Облыста барлығы 9361 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1923 - заңды тұлғалар, 695 - жеке кәсіпкерлер, 6743 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-наурызда 24,0 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 166,2% құрады.
2024 жылғы қаңтар - наурызда азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 2,0 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 49% (қайта өңдеу кәсіпорындарына салынған күрделі салымдарды төмендету есебінен) құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 23,7% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 405,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 96,1 мың адам (2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2023 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 257 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-желтоқсан - 11% өсіммен 252,7 мың теңге).
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 47,8 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 13,6 млрд. теңге (пестицидтер – 7 559,0 млн. теңге, тыңайтқыштар – 5 048,9 млн. теңге, тұқымдар– 617,5 млн. теңге, басым дақылдар – 400 млн. теңге);
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;
- қаржы құралдары – 27,9 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар – 14 091,1 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 11 667,2 млн. теңге, қарызға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде – 2 129,9 млн. теңге);
-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,9 млрд. теңге.
Өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс 5 387,0 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын көктемгі егіс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4 778,6 мың га, майлы дақылдар – 222,8 мың га, жемшөп дақылдары – 368,5 мың га алқапқа орналастырылатын болады.
Картоп 15 мың га және көкөністер 2,1 мың га алаңында отырғызу жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу
2024 жылғы қаңтар-наурызда АШТӨ барлығы 8,8 млрд. теңге сомасына 248 бірлік техника сатып алды (2023 жылғы қаңтар-наурызда – 16,7 млрд. теңгеге 366 бірлік), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 2,9 млрд. теңге сомасына 23 бірлік;
- тракторлар – 3,9 млрд. теңге сомасына 2819 бірлік;
- сепкіштер – 81,6 млн. теңге сомасына 57 бірлік;
- егіс кешендері - 0,5 млрд. теңгеге 5 бірлік;
- өзге де техникалар – 1,4 млрд. теңге сомасына 82 бірлік.
Мал шаруашылығы
2024 жылғы қаңтар-наурызда облыста тірі салмақтағы ет 48,5 мың тонна (100,1%), сүт – 58,5 мың тонна (102,2%), тауық жұмыртқасы – 159,6 млн. дана (94,1%) өндірілді.
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 465,5 мың басты (2023 жылдың ұқсас кезеңіне 98,1%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 205,2 мың бас (102,2%).
Жылқылардың саны 271,0 мың басты (99,7%), құстар – 9356,0 мың басты (95,5%) құрады.
Қой мен ешкі саны 687,8 мың басты (95,5%), шошқа – 60,1 мың басты (69,9%) құрады.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық
жобаларды іске асыру
2024 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 84,8 млрд. теңгеге 41инвестициялық жоба іске асыруды жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:
- 2,8 млрд. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 7 жоба;
- 43,5 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 11 жоба;
- 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;
- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;
- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;
- 18,2 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 жоба;
- 6,1 млрд. теңге суару бойынша 6 жоба;
- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.
Іске асырылған инвестициялық жобалар
Жыл басынан бері 0,5 млрд. теңге сомасына 2 жоба іске асырылды:
- 1 жоба ет фермасын салу бойынша– «Макинское АШЖ» ЖШС 600 бас жылқыға 330 млн. теңге (Біржан сал ауданында);
- 1 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу - қуаттылығы 720 тонна «Қазгер Құс» ЖШС (құрама жем цехы) 127,2 млн.теңге (Біржан Сал ауданында);
- 1 жоба құс етін қайта өңдеу - қуаттылығы 346 мың тонна, құны 3,5 млрд. теңге «IL Tov» ЖШС (Қосшы қаласында);
- 1 жоба МТФ салу бойынша 2,2 млрд.теңге сомасына 1000 басқа арналған "АФ Родина" ЖШС (Целиноград ауданында).
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 955,5 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2024 жылдың қаңтар-наурызда 52,6 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,3%-ға өсті.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 48,7%, сүт – 13,5%, өсімдік майы – 17,1% астық өңдеу – 9,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 8,9% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,9 мың тонна немесе 3% өсумен ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 790 тонна немесе 10,4%- ға төмендеді.
Сүтті қайта өңдеу
Өңделген сүт өндірісінің көлемі 25,9 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 27,2% - ға өсті, сары май 524 мың тоннаны немесе 4% - ға төмендеді, ірімшік және сүзбе – 409 тоннаны немесе 55,5% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 2097 тонна өндірілді немесе 0,4% - ға өсті.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу
Өндірілген өсімдік майының көлемі 20,6 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 59,4%- ға өсті.
Ұн өндіру
Ұсақ тартылған ұн 53,8 мың тонна өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 2% - ға төмендеді.