Ақмола облысының 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.03.2024ж. халық саны – 787,6 мың адам, оның ішінде қалалық - 446,4 мың адам (56,7%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 423,8 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылғы деңгейге 98,8% (төмендеу бірқатар өнеркәсіптік өнімдерге сұраныс пен тапсырыстардың төмендеуіне байланысты өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің (6,3%-ға, 311 млрд. теңгеге дейін) қысқаруына байланысты).

2024 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 185 жаңа жұмыс орнын құрумен 2,3 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде ең ірілері:

- «Tenus» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты (кеңейту) (Аршалы ауданы, құны – 750 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 90 мың тонна);

- «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешенін салу (Көкшетау қ., құны – 400 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 48 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар).

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    76 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылдың деңгейіне 100,2%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    58,8 мың бірлікті құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,8%-ға жоғары.
  3. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    36,7%-ға төмендеп 93,3 млрд. теңгені құрады (төмендеу 2023 жылғы қаңтар-наурызда теміржол, баламалы энергетика, тұрғын үй құрылысында инвестициялардың едәуір көлемін игеруге байланысты).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 19,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 149,1%.
142 мың ш.м
тұрғын үй пайдалануға берілді (15,6%-ға төмендеуі облыс орталығында жылу қуатының жетіспеушілігінен тұрғын үй құрылысы көлемінің төмендеуіне байланысты, оның үлесіне ең көп көлем келеді).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2023 жылға) - 4,8% (20,5 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,3%
    (2023 жылға). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (116,7 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (427,6 мың адам) 27,3%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 300 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 20%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 101,8%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 102%-ды құрады.

  1. 2024 жылға арналған облыс бюджеті - 664,5 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 68,5%).

2024 жылдың 1 сәуіріне 129,1 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 97,8% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 108,2 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 98,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 57,4 млрд. теңге (болжамға 86,2%), жергілікті – 50,8 млрд. теңге (болжамға 117,3%) түсті.

  1. 2024 жылы әлеуметтік салаға 352,1 млрд. теңге (облыс бюджетінің 53%), оның ішінде білім беруге – 274,6 млрд. теңге (41,3%), денсаулық сақтауға – 17,6 млрд. теңге (2,6%) бағытталған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.

Білім беру саласында Көкшетау қаласындағы №4 мектеп-интернатқа қосымшаның құрылысы аяқталды.

Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 6 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (3 нысан) қалаларында 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 9 мектептің құрылысы жалғасуда: Целиноград ауданында 7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында - 2 жоба.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Новосельское ауылында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек Орталығының, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 97,8%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу - 95,2%.

2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 33,5 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 30 объектінің құрылысына (10,7 млрд.теңге) және 48 объектіні қайта жаңартуға (20,9 млрд. теңге), 12 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (165,8 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 1 объектіні ағымдағы жөндеуге (85,4 млн. теңге), 29 КБМ (864,4 млн. теңге) орнатуға бағытталды.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік.

2024 жылғы қаңтар-наурызда ауыр қылмыстардың 22,7%-ға өскені байқалды, олардың ашылуы 74,6%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар 5,9%-ға ұлғайды, олардың ашылуы 97,7%-ды құрады.

 

Дата публикации
18 апреля 2024