2024 жылғы 5 мамырға тағайындалған ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ақмола облысының 6 сайлау округі бойынша тағайындалған 6 ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау науқаны өтіп жатыр.

Бұл ретте 3 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады. 3 -мерзімінен бұрын кетуіне байланысты(1-денсаулығына байланысты,1-қоныс аударуына байланысты, 1-өз еркімен).

23 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 4 (17%);   өзін-өзі ұсыну- 19 (83%).

2 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. 2 кандидат тіркелгенге дейін өз еркімен өтініштерін қайтарып алды.

19 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (21.1%) – «АМАНАТ» саяси партиясы; өзін-өзі ұсыну-15(78.9%).

Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрайды.

19 үміткердің 9-і (47%) -әйелдер.

Үміткерлердің 12 - белсенді мемлекеттік қызметші, 4- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, 1-коммерциялық құрылым қызметкері, 1- бюджеттік саланың қызметкері, 1-уақытша жұмыс істемейді.

Орташа жасы – 46,0 жаста болса, ең кішісі-32 жаста, ең үлкені -61 жаста.

Кандидаттардың 4-і (21.1%) өзі сайлауға түскен ауылдық округте тұрады, 15-і (78.9%) –басқа аулдық округте тұрады.

Дата публикации
15 апреля 2024