Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың қаңтар-ақпанда Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2024 жылдың қаңтар-ақпанда Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 43 982,4 млн. теңгені (НКИ – 96,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 532,3 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 43 444,8 млн. теңге (НКИ – 96,5%) құрады.

Облыста барлығы 9361 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1923 - заңды тұлғалар, 695 - жеке кәсіпкерлер, 6743 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 22,1 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 259,9% құрады.

2024 жылғы қаңтар - ақпанда азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,6 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 16,4% (қайта өңдеу кәсіпорындарына салынған күрделі салымдарды төмендету есебінен) құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 23,7% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 405,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 96,1 мың адам (2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2023 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 257 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-желтоқсан - 11% өсіммен 252,7 мың теңге).

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 46,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 13,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 436,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 3 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 617,5 млн. теңге, басым дақылдар – 400 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;

 - қаржы құралдары – 26,5 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       17 791,1 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 8 667,2 млн. теңге, қарызға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде – 90,2 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,9 млрд. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс 5 387,0 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын көктемгі егіс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4 778,6 мың га, майлы дақылдар – 222,8 мың га, жемшөп дақылдары – 368,5 мың га алқапқа орналастырылатын болады.

Картоп 15 мың га және көкөністер 2,1 мың га алаңында отырғызу жүргізілетін болады.  

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2024 жылғы қаңтар-ақпанда АШТӨ барлығы 4 млрд. теңге сомасына 136 бірлік техника сатып алды (2023 жылғы қаңтар-ақпанда – 8,6 млрд. теңгеге 208 бірлік), оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 2 млрд. теңге сомасына 13 бірлік;

- тракторлар – 1,1 млрд. теңге сомасына 29 бірлік;

- сепкіштер – 60,4 млн. теңге сомасына 45 бірлік;

- өзге де техникалар – 0,9 млрд. теңге сомасына 49 бірлік.

Мал шаруашылығы

2024 жылғы қаңтар-ақпанда облыста тірі салмақтағы ет 30,9 мың тонна (95,7%), сүт – 31,9 мың тонна (102,4%), тауық жұмыртқасы – 95,2 млн. дана (86,9%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 438,9 мың басты (2023 жылдың ұқсас кезеңіне 97,2%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 205,3 мың бас (102%).

Жылқылардың саны 267,2 мың басты (100,5%), құстар – 9071,9 мың басты (95,3%) құрады.

Қой мен ешкі саны 637,6 мың басты (96,1%), шошқа – 55,8 мың басты (69,8%) құрады.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық

жобаларды іске асыру

2024 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 84,8 млрд. теңгеге 41инвестициялық жоба іске асыруды жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:

- 2,8 млрд. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 7  жоба;

- 43,5 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 11 жоба;

- 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;

- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;

- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;

- 18,2 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 жоба;

- 6,1 млрд. теңге суару бойынша 6 жоба;

- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.

Іске асырылған инвестициялық жобалар

Жыл басынан бері 0,5 млрд. теңге сомасына 2 жоба іске асырылды:

- 1 жоба ет фермасын салу бойынша– «Макинское АШЖ» ЖШС 600 бас жылқыға 330 млн. теңге (Біржан сал ауданында);

- 1 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу - қуаттылығы 720 тонна «Қазгер Құс» ЖШС (құрама жем цехы) 127,2 млн.теңге (Біржан Сал ауданында).

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 955,5 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2024 жылдың қаңтар-ақпанда 35,5 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 48,7%, сүт – 13,5%, өсімдік майы – 17,1% астық өңдеу – 9,0%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 9,8% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 мың тонна немесе 5,5% өсумен ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 495 тонна немесе 15,1%- ға төмендеді.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 16,4 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 25% - ға өсті, сары май 321 мың тоннаны немесе 2,3% - ға төмендеді, ірімшік және сүзбе – 253 тоннаны немесе 35,9% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 1407 тонна өндірілді немесе 2,1% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 14,4 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 66,9%- ға өсті.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 35,7 мың тонна өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 15,9% - ға төмендеді.

Дата публикации
29 марта 2024