Аршалы, Атбасар, Егіндікөл, Сандықтау, Зеренді, Целиноград, аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының аудандық маңызы бар қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы 2024 жылғы 27 наурыздағы қаулыларының негізінде 2024 жылғы
5 мамырға Ақмола облысының келесі ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Аршалы ауданы- Ижев ауылдық округінің әкімі;
Атбасар ауданы – Сепе ауылдық округінің әкімі;
Егіндікөл ауданы – Спиридоновка ауылының әкімі;
Сандықтау ауданы - Ақсораң ауылдық округінің әкімі;
Зеренді ауданы – Викторовский ауылдық округінің әкімі;
Целиноград ауданы – Қызылсуат ауылдық округінің әкімі.
Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.