Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.02.2024ж. халық саны – 787,7 мың адам, оның ішінде қалалық - 446 мың адам (56,6%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%
2024 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 185 жаңа жұмыс орнын құрумен 2,3 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде ең ірілері:
- «Tenus» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты (кеңейту) (Аршалы ауданы, құны – 750 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 90 мың тонна);
- «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешенін салу (Көкшетау қ., құны – 400 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 48 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 117,9%.
95,8 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (20,6%-ға төмендеуі коммерциялық және жеке тұрғын үй көлемінің төмендеуіне байланысты, олардың үлесіне 2023 жылғы қаңтар-ақпанда барлық көлемі тиесілі болды).
Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 300 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 20%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 101,4%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 101,4%-ды құрады.
2024 жылдың 1 наурызына 69,3 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,2% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 81,5 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 118,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 45,5 млрд. теңге (болжамға 103,3%), жергілікті – 36 млрд. теңге (болжамға 144,7%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.
Білім беру саласында 8 мектептің Аршалы ауданының Жібек Жолы (300 орынға), Жалтыркөл (300 орынға), Целиноград ауданының Өтеміс (120 орынға), Шұбар (300 орынға) ауылдарында, Қосшы (1200 орынға) және Көкшетау (392 орынға) қалаларында, Көкшетау қаласындағы №4 мектеп-интернатқа, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласындағы мектепке қосымшалардың құрылысы аяқталды.
Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 6 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (3 нысан) қалаларында 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 9 мектептің құрылысы басталды: Целиноград ауданында 7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында - 2 жоба.
Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пунктің (ФАП) құрылысы аяқталды. Атбасар ауданы Новосельское ауылында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек Орталығының, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда.
2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 33,5 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 30 объектінің құрылысына (10,7 млрд.теңге) және 48 объектіні қайта жаңартуға (20,9 млрд. теңге), 12 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (165,8 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 1 объектіні ағымдағы жөндеуге (85,4 млн. теңге), 29 КБМ (864,4 млн. теңге) орнатуға бағытталды.
2024 жылғы қаңтар-ақпанда ауыр қылмыстардың 9,7%-ға өскені байқалды, олардың ашылуы 60,8%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар өткен жылғы деңгейінде қалды (2023 жылы - 11 жағдай), олардың ашылуы 93,1%-ды құрады.