2024 жылғы 31 наурызда Ақмола облыстың 7 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 27 кандидаттардың ішінен жеке өтініштерінің негізінде 1 кандидат тіркелгенге дейін алып тасталды, 1 кандидат - тіркеуден бас тартылды. 25 кандидат тіркелді.
Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттардың орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3.6 астам кандидатты құрайды.
Тіркелген 25 кандидаттың 5 - саяси партиялар, 20 - өзін-өзі ұсынған. Оның 14 ер адам, 11 әйел адам. Кандидаттар арасында 2 этнос өкілдері бар.
5 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 20 - партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас - 42 жас.
21 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 2 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 17 - мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 6 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - зейнеткерлер, 1 - жұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері.
Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 30 наурызда 00.00 сағатқа дейін созылады.
| Қала/аудан атауы | Тіркеу қорытындылары туралы хабарламаны орналастыруға сілтемелер |
| Қосшы қаласы | https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/documents/details/622671?lang=kk |
| Ақкөл ауданы | https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/documents/details/622727?lang=kk |
| Бұланды ауданы | https://www.facebook.com/share/p/HyfksUeCQSDYYuPr/?mibextid=qi2Omg |
| Бурабай ауданы | https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-burabay/documents/details/622712?directionId=41050&lang=kk |
| Зеренды ауданы | https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/documents/details/622691?lang=kk |