Талдамалық жазба
Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №7С-12-3 Ақмола облысы мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілді.
Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштерінің 94 жоспарлы мәні көзделген, олардан 2025 жылдың қорытындысы бойынша (2026 жылғы 27 ақпандағы жай-күйі бойынша) нысаналы индикаторларының 60 жоспарлы мәніне қол жеткізілді, 17 жоспарлы мәніне қол жеткізілген жоқ, 17 жоспарлы мәні бойынша мәліметтер жарияланған жоқ (қалыптастырылмаған).
Оның ішінде «Экономиканың берік іргетасы» 1‑бағыты бойынша 2025 жылға 3 жоспарлы мәні көзделген. 2025 жылғы есепті мәнері қалыптастырылған жоқ.
«Өсудің жаңа нүктелері» 2‑бағыты бойынша 6 жоспарлы мән көзделген. 1 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
«Өмірдің жоғары сапасы» 3‑бағыты бойынша 65 жоспарлы мән көзделген. 48 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
«Экономика мен қоғамның түпкілікті түрленуі» 4‑бағыты бойынша 6 жоспарлы мән көзделген. 1 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
Өзге мақсаттар бойынша 14 жоспарлы мән көзделген. 10 жоспарлы мәніне қол жеткізілді.
1) Облыстың даму жоспары Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының негізгі ұлттық индикаторларына қол жеткізуге бағытталған.
Қолда бар алдын ала деректерге сәйкес Ақмола облысына бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізілді:
- «Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі» негізгі ұлттық индикаторы бойынша, оның ішінде жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны – 34,2 мың адам, оның ішінде жастар – 15,7 мың адам;
- «PISA тестілеуі негізінде орта білім беру нәтижелерінің сапасы (оқу, математика, жаратылыстану сауаттылығы)» негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізуді қамтамасыз ететін 97,1% (2-6 жастағы) балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға, 95,1% балалардың мектепалды даярлық деңгейіне, мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, балаларды қосымша біліммен қамту, мектептерді пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету;
- «Ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі» негізгі ұлттық индикаторына, оның ішінде елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекпен, мектептердің типтік ғимараттарымен, сумен жабдықтау қызметтерімен қамту.
Орындалмаған іс-шаралардың өңірдегі, елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат:
Есепті кезеңде Даму жоспарының іске асырылу барысына ықпал еткен негізгі фактор тауарлар және қызметтерге бағалар өсуі болды.
Игілік алушылардың қанағаттандырылу деңгейі туралы ақпарат (бар жағдайда), оның ішінде жоспарланғандардан ұсынылған мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі:
2025 жылы Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 94,1% құрды (2024 жыл – 81,8 %).
Қолданыстағы тізілімге сәйкес жергілікті атқарушы органдар 191 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде 167, немесе 87 %, - электрондық нысанда.
2025 жылы Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарымен 7 319 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде электрондық нысанда ақпараттық жүйелер арқылы - 6 997 мың қызмет (96%), «Электрондық Үкімет» порталы арқылы - 229 мың қызмет (3,1%), Мемлекеттік корпорация арқылы - 17 мың қызмет (0,2%), қағаз нысанында - 75 мың қызмет (1%).
Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер:
2022 жылы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының, Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуді қайта тексерді, Тексеру комиссиясы Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуына талдау, 2025 жылы - «Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуын талдау» сараптамалық-талдамалық іс-шарасынын жүргізді.
Тұжырымдар мен ұсыныстар:
Бағдарламаның 2025 жылға арналған мақсаттармен нысаналы индикаторлар ішінара орындалды. Алдын ала деректер бойынша өсімдік шаруашылығы көрсеткіштерінің ұлғаюына байланысты экономика 6,2%-ға өсті.
Өндірілетін өнімге сұранысты қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылыс материалдарын өндіру, тұрғын үй құрылысы және туризм есебінен АӨК және тамақ өнеркәсібін, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылатын өңір экономикасының бәсекелестік артықшылықтары, даму басымдықтары мен өсу резервтері іске қосылады.