Халықты жүйелі түрде дене шынықтыру және спорт жаттығуларына тару үшін жағдай жасау

Халықтың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында спорттық ғимараттар желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. ағымдағы жылы спорт ғимараттарының саны 36 – ға артты және 2444 бірлікті құрайды, оның ішінде ауылда-1711.
Ерейментау ауданында және Біржан сал ауданында жүзу бассейні бар ДСК құрылысы жүргізілуде. 2019-2021 жылдарға арналған "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасы аясында Аршалы ауданы Аршалы кентінде, Целиноград ауданы Ақмол ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы, Шортанды ауданы Шортанды кентіндегі стадионды күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына Есіл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына қаражат бөлу бойынша бюджеттік өтінім қарауға жіберілді. Бурабай ауданының Щучинск қаласында Спорт сарайының құрылысына ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде (жүзу бассейні бар). Біржан сал ауданында стадионды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sport?lang=ru

Дата публикации
28 августа 2020