Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың қаңтар айына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2024 жылдың қаңтар айына Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 22 666,3 млн. теңгені құрады (НКИ – 99,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 240,1 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 22 423,4 млн. теңге (НКИ – 99,6%).

Облыста барлығы 9361 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1923 - заңды тұлғалар, 695 - жеке кәсіпкерлер, 6743 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 23,7% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 405,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 96,1 мың адам (2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2023 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 257 мың теңгені құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% - ға өсті (2023 жылғы қаңтар-желтоқсан - 11% өсіммен 252,7 мың теңге).

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 45,7 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 13,2 млрд. теңге (пестицидтер - 9 436,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 3 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 617,5 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;

 - қаржы құралдары – 26,5 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       17 791,1 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 8 667,2 млн. теңге, қарызға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде – 90,2 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,5 млрд. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

Ағымдағы жылы алдын ала құрылым бойынша облыс 5 360,1 мың га алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын көктемгі егіс жүргізу жоспарлануда, оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4 603,4 мың га, майлы дақылдар - 400 мың га, жемшөп дақылдары - 340 мың га алқапқа орналастырылатын болады.

Картоп 14,6 мың га және көкөністер 2,1 мың га алаңында отырғызу жүргізілетін болады.  

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2024 жылғы қаңтарда АШТӨ барлығы 2,7 млрд. теңге сомасына 53 бірлік техника сатып алды (2023 жылғы қаңтарда - 3,7 млрд. теңгеге 73 бірлік), оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 1,9 млрд. теңге сомасына 12 бірлік;

- тракторлар – 0,4 млрд. теңге сомасына 14 бірлік;

- сепкіштер – 5,2 млн. теңге сомасына 3 бірлік;

- өзге де техникалар – 0,4 млрд. теңге сомасына 24 бірлік.   

Мал шаруашылығы

2024 жылғы қаңтарда облыста тірі салмақтағы ет 15,7 мың тонна (99,8%), сүт – 15,1 мың тонна (104,5%), тауық жұмыртқасы – 46,9 млн. дана (87,4%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 424,2 мың басты (2023 жылдың ұқсас кезеңіне 97,3%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 205,5 мың бас (101,2%).

Жылқылардың саны 268,0 мың басты (104,8%), құстар – 8709,4 мың басты (89,7%) құрады.

Қой мен ешкі саны 606,7 мың басты (102,6%), шошқа – 53,3 мың басты (82,1%) құрады.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық

жобаларды іске асыру

2024 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 84,8 млрд. теңгеге 41 инвестициялық жоба іске асыруды жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:

- 2,8 млрд. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 7  жоба;

- 43,5 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 11 жоба;

- 0,7 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;

- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;

- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;

- 18,2 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 жоба;

- 6,1 млрд. теңге суару бойынша 6 жоба;

- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 125,4 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

- өндірістік қуаттылығы жылына 141,5 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 963,9 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;

 - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2024 жылдың қаңтарда 18,2 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46%, сүт – 12%, өсімдік майы – 21,4% астық өңдеу – 9,3%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 2,1%, өзге салалар – 9,2% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 мың тонна немесе 4,4% өсумен ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 235 тонна немесе 20,1%- ға төмендеді.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 7,4 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,1% - ға төмендеді, сары май 184 мың тоннаны немесе 12,2% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 124 тоннаны немесе 34,8% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 721 тонна өндірілді немесе 6,5% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 8,5 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 98,1%- ға өсті.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 17,3 мың тонна өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 23,5% - ға төмендеді.

Дата публикации
23 февраля 2024