Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.01.2024ж. халық саны – 788 мың адам, оның ішінде қалалық - 445,7 мың адам (56,6%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 118,7%.
52,1 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (түсім 31,4%).
Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 300 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 20%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 100,6%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 100,6%-ды құрады.
2024 жылдың 1 ақпанына 8,2 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,3% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 21,5 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 108,2%, оның ішінде республикалық бюджетке – 7,2 млрд. теңге (болжамға 62,6%), жергілікті бюджетке – 14,3 млрд. теңге (болжамға 170,6%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.
Білім беру саласында 7 мектептің Аршалы ауданының Жібек Жолы (300 орынға), Жалтыркөл (300 орынға), Целиноград ауданының Өтеміс (120 орынға), Шұбар (300 орынға) ауылдарында, Қосшы (1200 орынға) және Көкшетау (392 орынға) қалаларында, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласындағы мектепке жапсаржайдың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы №4 мектеп-интернатқа қосымша құрылысы аяқталуда.
Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 6 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (3 нысан) қалаларында 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 9 мектептің құрылысы басталды: Целиноград ауданында 7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында - 2 жоба.
Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пунктің (ФАП) құрылысы аяқталды. Атбасар ауданы Новосельское ауылында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда
2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 33,5 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 30 объектінің құрылысына (10,7 млрд.теңге) және 48 объектіні қайта жаңартуға (20,9 млрд. теңге), 12 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (165,8 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 1 объектіні ағымдағы жөндеуге (85,4 млн. теңге), 29 КБМ (864,4 млн. теңге) орнатуға бағытталды.
2024 жылғы қаңтарда ауыр қылмыстардың 25%-ға өскені байқалды, олар бойынша ашылу деңгейі 57,5%-ды құрады. Өткен жылғы деңгейдегі аса ауыр қылмыстар (2023 жылы - 4 жағдай), аса ауыр қылмыстар бойынша ашылу деңгейі – 87,5%-ды құрады.