2024 жылдың 18 ақпанда 6 сайлау округі бойынша, Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округі, Біржан сал ауданы Аңғалбатыр ауылдық округі, Жарқайың ауданы Пригородное ауылы, Зеренді ауданы Қызылегіс ауылдық округі, Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі, Шортанды ауданы Шортанды кенті әкімдерінің сайлауы өтті.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 9300 азамат енгізілді, оның ішінде 6587 дауыс беруге қатысты. Әкімге кандидаттар саны – 20 адам.
Барлық 6 сайлау округінде әкімдер сайланды.Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 4 адам, өзін өзі ұсыну -2.
Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, БАҚ-та жарияланатын болады.
Облыстық сайлау комиссиясы