Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы индустриялық-инновациялық дамыту бөлімінің жетекші маманы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.02.2024 - 23.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.02.2024 – 26.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.02.2024 – 02.03.2024

Сұхбат: 06.03.2024

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-5 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы индустриялық-инновациялық дамыту бөлімінің жетекші маманы.

 

Функционалдық міндеттері:

        Индустрияландырудың бірыңғай картасын әзірлеу. Индустрияландыру картасының, кәсіпкерлікті қолдау картасының, индустрияландырудың бірыңғай картасының инвестициялық жобаларын іске асыру мониторингін жүргізу. Қаржы институттарымен өзара іс-қимыл. Өнеркәсіп саласындағы инвестициялық қызмет мәселелері бойынша форумдарды, көрмелерді, презентацияларды, инвесторлармен, оның ішінде шетелдік кездесулерді, кеңестер мен семинарларды, «дөңгелек үстелдерді» ұйымдастыруға және өткізуге қатысу, сондай-ақ оларды облыста өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу. Экономиканың басым секторларында жеке инвестициялар есебінен облыста іске асырылатын жобалардың мониторингін жүзеге асыру. Жобалық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру. Азаматтық қорғау және ТЖ желісі бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.

 

Білімі бойынша талап:

        бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында (металлургия немесе машина жасау немесе аспап жасау немесе тау-кен ісі) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 февраля 2024