Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 7 шілде қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.02.2024 - 23.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.02.2024 – 26.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.02.2024 – 02.03.2024

Сұхбат: 06.03.2024

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 7 шілде қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

 

Функционалдық міндеттері:

        Өнеркәсіп салаларының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік-экономикалық қызметінің дамуына мониторинг жүргізу, тауар өнімі көлемдерінің күтілетін орындалуын есептеу, өнеркәсіп салаларында өндіріс көлемдерінің болжамын жасау. Жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жүктемесіне талдау жүргізу және олардың жүктемесін ұлғайту жөнінде ұсыныстар енгізу. Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыспен қамту жағдайына талдау жүргізу. Жергілікті қамтуды дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау, өңіраралық кооперация бойынша шаралар кешенін жүргізу. Облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін жүргізу. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты жинау, талдау және ұсыну. Нақты көлемдердің мониторингін жүргізу және облыстың сыртқы экономикалық айналымының болжамды көрсеткіштерін есептеу. Облыс экспорттаушыларының тізілімін жүргізу. Облыс экспорттаушы компанияларының проблемалық мәселелеріне талдау жүргізу. Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі ақпаратты дайындау, облыстық сауда және тамақтану қызметінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу, құзыреті шегінде республикалық және облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысу. Аудандар мен қалалар әкімдіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және террористік тұрғыдан осал объектілер үшін белгіленген талаптарды сақтау мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастыру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.

 

Білімі бойынша талап:

        бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында (металлургия немесе машина жасау немесе аспап жасау немесе
тау-кен ісі).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
16 февраля 2024