«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.02.2024 - 23.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.02.2024 – 26.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
29.02.2024 – 02.03.2024
Сұхбат: 06.03.2024
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар жөніндегі комиссияның отырыстарын дайындау.
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті, жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды, жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, ізденуге арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеуге лицензия беру. Жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру. Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарды салуға рұқсат беру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс саласында (геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау немесе тау-кен ісі немесе маркшейдерлік
іс немесе геодезия) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.