Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 2 мамыр қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2024 - 20.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.02.2024 – 23.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024 – 01.03.2024

Сұхбат: 07.03.2024

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2025 жылғы 2 мамыр қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

 

Функционалдық міндеттері:

        Ішкі саясат, дін саласы, қорғаныс және құқық қорғау органдары, туризм, ақпараттандыру, жер қатынастары, табиғи ресурстар, ветеринария, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті субсидиялау саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау, Облыстың стратегиялық даму құжаттары шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша ақпарат қалыптастыру. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша ұсыныстар мен ақпарат дайындау. Мемлекеттік басқару органдарының және жетекшілік ететін салалардың бюджеттік өтінімдері мен бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде стратегиялық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігін қарау және оларға қорытындылар дайындау. Мемлекеттік басқару органдарын және жетекшілік ететін салаларды ұстауға арналған шығыстар бойынша облыстық бюджеттің жобасына ұсыныстар әзірлеу. Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есептеулеріне қатысу. Жетекшілік ететін салаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қалыптастыруға қатысу және ұсыныстар әзірлеу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау анықтамаларын, материалдарды, ақпаратты дайындау. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының құжаттарын, тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.

 

 

Білімі бойынша талап:

        Бизнес, басқару және құқық саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану).

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне,
не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
13 февраля 2024