«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2024 - 20.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.02.2024 – 23.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024 – 01.03.2024
Сұхбат: 06.03.2024
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок Б) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Басқарма қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу. Талап-арыз жұмысын жүзеге асыру, құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, оның ішінде Е-өтініш азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында іс-қағаздарды жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бақылау, есептілікті қалыптастыру және жасау. Өз құзыреті шегінде басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде анықтамалар, баяндамаларға материалдар, есептер, ақпарат жасау. Бөлімде іс қағаздарын жүргізу.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе заңтану).
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.