«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2024 - 20.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.02.2024 – 23.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024 – 01.03.2024
Сұхбат: 06.03.2024
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Басқарма аппараты бойынша Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, өнім берушілермен шарттар жасасу. Конкурстық комиссияларға оның мүшесі не хатшысы ретінде қатысу, Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Бас маман шартты жеңілдіктер есебін жүргізуге, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру немесе қабылдамау туралы шешім қабылдауға міндетті. Тапсырыс беруші ұсынған өтінім негізінде конкурстық, аукциондық құжаттаманы әзірлеуге қатысу, сондай-ақ оны талқылауға және түзетуге қатысу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастыру, талқылау, алдын ала жіберу хаттамаларын және қорытындыларын уақтылы жариялау. Аудиторлық есептерге бұрын жіберілген қарсылықтар бойынша алынған ішкі мемлекеттік аудиттің жоғары тұрған уәкілетті органының қорытындыларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан қарау. Қарапайым заттар экономикасына жататын тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша жергілікті қамту үлесінің есептілігін қалыптастыру. Өз құзыреті шегінде басқарманың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. ҚР Қаржы министрлігінің, облыс әкімдігінің орталықтандырылған тапсырмаларын және басқарма басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде және тиісті сапада орындау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Ішкі мемлекеттік аудиттің жоғары тұрған уәкілетті органының қорытындылары мен хабарламаларының түсуін бақылау. Басқарманың апелляциялық шағымдарын қарау нәтижелері бойынша жасалған ҚР Қаржы министрлігінің апелляциялық комиссиясының хаттамаларының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қарау.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе заңтану).
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.