Ақмола облысының білім басқармасы оқу-материалдық базасын нығайту және дамыту бөлімінің бас маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Ақмола облысының білім басқармасы

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2024 - 20.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.02.2024- 23.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024- 01.03.2024

Сұхбат: 06.03.2024

Анықтама телефоны: 87162297246

D-О-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысының білім басқармасы

оқу-материалдық базасын нығайту және дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Функционалдық міндеттері:

        Ақпараттарды жинақтау және есептілік жүргізу: аумақты көгалдандыру және абаттандыру және білім ұйымдарында айлықтар бойынша; білім ұйымдарының от жағу маусымына дайындығы жөнінде; облыстың білім ұйымдарының отынмен қамтамасыз етілуі жөнінде; жылу, су, электр энергиясына есептегіштердің бар болуы жөнінде; білім ұйымдарының күзгі-қысқы маусым жұмысына дайындығы төлқұжаты бойынша; ведомстволық бағыныстағы білім ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік жәрдемақыға тапсырыстарды жинау және қалыптастыру. Министрліктің, ведомствоның және атқарушы органдардың сұранысы бойынша материалдар мен ақпараттарды дайындау, аймақтық бағдарламаларды, хат жобаларын, оперативтік және ағымдағы сұрақтар бойынша бұйрықтарды әзірлеуге қатысу, барлық басқару сұрақтары бойынша басқарма қызметін қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау.

 

Білімі бойынша талап:

        педагогикалық ғылымдар немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс (жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс) немесе қызмет көрсету (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі) саласында

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
13 февраля 2024