«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысының білім басқармасы
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2024 - 20.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.02.2024- 23.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024- 01.03.2024
Сұхбат: 06.03.2024
Анықтама телефоны: 87162297246
D-О-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының білім басқармасы
мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне).
Функционалдық міндеттері:
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалу мониторингі, білім ұйымдарында тілдердің оқытылуы, тәжірибелік жұмыстардың сараптамасы және мониторингі. Шағын жинақталған мектептердің, шағын жинақталған мектептердің ресурстық орталықтарының жұмыстарын үйлестіру. Жалпы орта білім дің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарының, оқу жоспарларының және бағдарламаларының орындалуын бақылау, білім алушылардың білім сапасын сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру. Электрондық оқытуды енгізу жұмыстарын үйлестіру. Облыстық конкурстарды, тілдерді меңгеру бойынша олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу.Үкіметтік емес ұйымдармен, шетелдік және жергіліктіатқарушы органдар мен тілдерді дамыту мәселелері бойынша өзара әрекет ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарау.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.