ХАБАРЛАНДЫРУ. Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттар үшін баспа алаңы мен эфир уақытын беру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар қолданушыларына

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына

кандидаттар үшін баспа алаңы мен эфир уақытын беру бойынша

 бұқаралық ақпарат құралдары мен
онлайн-платформалар қолданушыларына

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларын қолданушылар 2024 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін Қосшы, Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Зеренді аумақтық сайлау комиссияларына төлем мөлшері және эфир уақыты мен баспа алаңын берудің шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты жариялауға және ұсынуға міндетті.

Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 112 бабының 5 бөлігінің талабы бойынша,
эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері,
шарттары жəне тəртібі туралы мəліметті сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға қатысатын кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кандидаттарға төлем мөлшері, эфир уақыты мен баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты bekentaeva_ab@aqmola.gov.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

 

Ақмола облыстық

 сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 февраля 2024