Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімінің бас маманы, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2024 - 20.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.02.2024 – 23.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.02.2024 – 01.03.2024

Сұхбат: 06.03.2024

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы : 282 693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар және отбасы  істері жөніндегі бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

        Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларының жүзеге асырылуын зерделеу және талдау; жастар саясатын жүзеге асыру, азаматтық қоғамы институтымен ынтымақтастықты дамыту мәселелерінде ҮЕҰ, жастар қоғамдық бірлестіктеріне әдістемелік көмек көрсету; жас мамандарды ауылға тарту және ауыл жастарымен, жоғары оқу орындарымен және бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша өзара жұмыс жасауды қалыптастыру; жастар саясаты саласындағы үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жұмысты ұйымдастыру; бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қою; студент жастармен, жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасау, Ақмола облысының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің жұмысын ұйымдастыру; салауатты өмір салтын қалыптастыруды дамыту, балалар-жасөспірімдер және жастар спортын дамыту және жастар арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты, әскери-патриоттық клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарды насихаттау мәселелерін үйлестіру, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру; жастардың еңбек жасақтарын, оның ішінде Экологиялық, педагогикалық, құрылыс және басқа да жасақтарды дамытуға жәрдемдесу, жастардың қоғамдық ұйымдарының басшыларымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру; нашақорлықтың, алкоголизмнің және темекі шегудің, балалар мен жасөспірімдер қылмысы мен құқық бұзушылықтарының, діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысты үйлестіру; бөлім құзіреттілігіне қатысты мекемелердің және азаматтардың өтініш, арыз және ұсыныстарын қарастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.

 

 

Білімі бойынша талап:

          Педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе филология) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
13 февраля 2024