Ақмола облысының білім басқармасы
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2024 - 16.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.02.2024- 21.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 24.02.2024- 26.02.2024
Сұхбат: 29.02.2024
Анықтама телефоны: 87162297246
D-R-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 210 086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысының білім басқармасы
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімде кадрлық іс жүргізуді жүргізу, білім беру ұйымдарында кадрлық іс жүргізуді жүргізуге практикалық көмек көрсету; педагог кадрларды іріктеуді және орналастыруды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдары басшыларының резервін қалыптастыру; білім беру ұйымдары мен педагог кадрлардың басшыларын аттестаттау; ауданның білім беру ұйымдары басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс ұйымдастыру және өткізу; марапаттау материалдарын дайындау және беру; марапаттау материалдары бойынша құжаттамаларды жүргізу; білім беру ұйымдарының педагог кадрлары бойынша жылдық есептіліктерді уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету; ауданның білім беру ұйымдары мен бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды ұйымдастыру және бақылау; функционалдық міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру және жүргізу (мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау; Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау); облыс және аудан әкімі аппаратының, облыстық білім басқармасының сұрау салуы бойынша білім беру мәселелері бойынша материалдар дайындау және қажетті ақпаратты ұсыну; жетекшілік ететін мәселелер бойынша Мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды орындау және талдау; «Еңбек kz» базасын жүргізу.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық (заңтану) саласында, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.