«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру. Ақмола облысы туризм басқармасы инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімінің бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2024 - 16.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.02.2024 - 21.02.2024

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

24.02.2024 - 26.02.2024

Сұхбат: 01.03.2024

Анықтама телефоны: 87162722931

D-О-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Ақмола облысы туризм басқармасы инвестициялар және туристік әлеуетті ілгерілету бөлімінің бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

өңірдің туристік әлеуетін ілгерілетудің тиісті шараларын қамтамасыз ету, Жоғары тұрған органдарға Ақмола облысының туризмін дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну. "Easy Pro-j" жобалық кеңсесінің жұмысын үйлестіру. Басқарманың құзыреті шегінде туризм (жаңа тауашаларды қалыптастыру) бағыты бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қазақстандық және шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, туризм жөніндегі қауымдастықтармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау. Сыртқы экономикалық қызмет және халықаралық байланыстарды дамыту бойынша дамып келе жатқан туристік кластерге қатысушылардың қызметін үйлестіру. Облыстың, Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. Ақмола облысының туристік әлеуетін ілгерілету, халықаралық, республикалық, өңірлік іс-шараларға қатысу. Семинарлар мен кеңестерді дайындауға және өткізуге қатысу. Облыстың туристік әлеуетіне арналған ИНТЕРНЕТ-порталдар мен сайттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.

 

Білімі бойынша талап:

        қызметтер (туризм) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе жобаны басқару немесе маркетинг) немесе әлеуметтік ғылымдар журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар) саласында

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

         

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
09 февраля 2024