«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2024 - 16.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.02.2024 - 21.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
24.02.2024 - 26.02.2024
Сұхбат: 01.03.2024
Анықтама телефоны: 87162722931
D-О-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 теңге
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы туризм басқармасы инфрақұрылымды және ішкі туризмді дамыту бөлімінің бас маманы. Лауазым уақытша бос (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде). Негізгі қызметкердің жұмысқа шығатын күні – 30.06.2024.
Функционалдық міндеттері:
облыстың туристік ұйымдары әзірлеген туристік маршруттардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және толықтыру. Облыс бойынша туристік маршруттардың карталары мен схемаларын әзірлеуге қатысу. Облыстың туристік саласы субъектілерінің деректер базасын қалыптастыру. Курорттық аймақтар аумағында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату және олардың жұмыс істеуі мәселелері. Облыстың жол бойындағы сервис объектілерін дамытуды жалпы үйлестіру. Облыс аумағында туристік қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру. Гидтерді (гид-аудармашыларды) кәсіби даярлауды ұйымдастыру. Басқарманың құзыреті шегінде туризм (жаңа тауашаларды қалыптастыру) бағыты бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру. Облыстың тау шаңғысы курорттарының қызметіне көмек көрсету. Халық қолөнерін дамытуға, кәдесый өнімдерін шығаруға жәрдемдесу. Туристік қызмет мәселелері бойынша кеңестерді, семинарларды үйлестіру және өткізу. Халықаралық, республикалық, өңірлік туристік іс-шараларға қатысу. Өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
қызметтер (туризм немесе мәдени-тынығу жұмысы немесе мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (география).
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.