«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2024 - 16.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.02.2024 - 21.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
24.02.2024 - 26.02.2024
Сұхбат: 29.02.2024
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің бас маманы.
Функционалдық міндеттері:
Облыс аумағында өткізілетін кешенді облыстық спартакиадаларды, бекітілген спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады; бекітілген спорт түрлері бойынша облыс құрама командаларын даярлау жөніндегі жұмысқа қатысады; бекітілген спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарда спортшылардың өнер көрсету қорытындылары бойынша материалдарды жинақтауды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу үшін бөлімге бекітілген спорт түрлері бойынша техникалық сипаттамаларды жасау бойынша жұмысты жүзеге асырады; бекітілген спорт түрлері бойынша облыстық байқауға қатысуға ұсынылатын ақпаратты жинақтау және талдау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; бекітілген спорт түрлерінен спорт түрлерінен күнтізбелік жоспар жобасын әзірлеуге қатысады; бөлімге бекітілген спорт түрлеріне қатысты негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобасын әзірлейді, басқарма басшысының және (немесе) оның міндетін атқарушы жауапты тұлғаның қарауына енгізеді; спорт түрлерінен кәсіби клубтардың жұмысын үйлестіреді; басқарма басшылығы айқындайтын өзге функцияларды жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Педагогикалық ғылымдар (дене шынықтыру және спорт) немесе бизнес, басқару және құқық (менеджмент немесе мемлекетттік және жергілікті басқару немесе спорт менеджменті немесе жобаны басқару) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.