«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2024 - 16.02.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.02.2024 - 21.02.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
24.02.2024 - 26.02.2024
Сұхбат: 29.02.2024
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ішкі саясат және спорт басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы
27 қыркүйек қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).
Функционалдық міндеттері:
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және халықты қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, мемлекеттік рәміздерді насихаттау, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық - демографиялық салаларда, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу; жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық қызметтегі қызметі мәселелері бойынша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды, тренингтерді және т. б. дайындауға қатысу; уәкілетті органмен бірлесіп ұлттық телехабарларды («ОТАУ ТВ») енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдесу; кабельдік және спутниктік операторлардың өзара іс-қимылын және қызметін бақылауды жүзеге асыру; әлеуметтік жүйелерімен жұмыс жүргізу; бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулықтарды, бағдарламаларды, жоспарларды және басқа да құжаттарды әзірлеу; тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындау және сараптау; атқарушы және өкілетті билік органдарының баспасөз қызметтерімен өзара
іс-қимыл жасау; республикалық, өңірлік баспа және электрондық БАҚ-тарға талдау және мониторинг жүргізу; ішкі саясат мәселелері бойынша қалалар, аудандар әкімдерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қызметінің барысын үйлестіру және бақылау; бөлім құзіреттілігіне қатысты мекемелердің және азаматтардың өтініш, арыз және ұсыныстарын қарастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.
Білімі бойынша талап:
Педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология немесе тарих немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия немесе тарих немесе филология) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтану немесе саясаттану немесе психология немесе журналистика немесе қоғамдық байланыс) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.