«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.02.2024 - 13.02.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу:

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

Сұхбат:

Анықтама телефоны: 87162722931

D-О-2 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 441 254 теңге

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.  

 

Функционалдық міндеттері:

Қадағалайтын бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау үйлестіру. Облыстың бюджеттік саясатын жоспарлау және үйлестіру жөніндегі ұйым. Облыстың бюджет саясатын жоспарлау және үйлестіру жөніндегі ұйым бюджетті жоспарлау, бекіту, нақтылау, түзету сатыларында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Кезекті жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет жобасын әзірлеуді ұйымдастыру. Облыстық және  аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер арасындағы  үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы шешімінің жобасын әзірлеуді ұйымдастыру. Бюджет салясатын дамыту мәселелеріне жетекшілік ету. Облыс бюджеттері бойынша түсімдерді болжау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Жергілікті бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің мониторингін бақылау. Облыс дамуының стратегиялық бағыттары мен инвестициялық басымдықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бюджеттік комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жұмысты ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдарға ақпараттар мен есептерді дайындауға бақылауды жүзеге асыру. Өз уәкілеттіктері шегінде мемелекеттік органдармен өзара іс-қимыл.

Білімі бойынша талап:

        бизнес басқару және құқық саласында (экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

          1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
06 февраля 2024