Ақмола облысында 6 округ бойынша тағайындалған 6 кент, ауыл және ауылдық округ әкімін сайлау өтіп жатыр.
Бұл ретте 6 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады.
20 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 4 (20%); өзін-өзі ұсыну- 16 (80%).
1 кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді. 1 кандидат қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты қабылданбады (сайлау жарнасы төленбеген).1 үміткер тіркелгенге дейін өз еркімен өтініштерін қайтарып алды.
17 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (23.5%) – «АМАНАТ» саяси партиясы; өзін-өзі ұсыну-13(76.5%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 2,8 адамды құрайды.
17 үміткердің 4-і (23,5%) -әйелдер.
Үміткерлердің 14- белсенді мемлекеттік қызметші, коммерциялық құрылым қызметкері-2, басқалар-1.
Орташа жасы – 39,0 жаста болса, ең кішісі-27 жаста, ең үлкені -57 жаста.
Кандидаттардың 3-і (17.6%) өзі сайлауға түскен ауылдық округте тұрады, 14-і (82.4%) –басқа аулдық округте тұрады.