Атбасар, Біржан сал Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының аудандық маңызы бар қалалар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы 2024 жылғы 10 қаңтардағы қаулыларының негізінде 2024 жылғы 18 ақпандағы Ақмола облысының келесі ауыл, қала және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Атбасар ауданы – Ярославка ауылдық округінің әкімі;
Біржан сал ауданы - Аңғалбатыр ауылдық округінің әкімі;
Жарқайың ауданы - Пригородное ауылының әкімі;
Зеренді ауданы – Қызылегіс ауылдық округінің әкімі;
Қорғалжын ауданы – Қорғалжын ауылдық округінің әкімі;
Шортанды ауданы – Шортанды кентінің әкімі.
Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.