2024 жылғы 10 қаңтардағы № 2/3 Ақмола облыстық сайлау комиссиясының қаулысы

2024 жылы тағайындалатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда республикалық бюджет қаражатының есебінен жабылатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың шығыстары мөлшерін белгілеу туралы 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкес Ақмола облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Республикалық бюджеттен өтелетін аудандық маңызы бар қала,
    ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың шығыстарының мөлшері 1-3 қосымшаларға сәйкес белгіленсін

Кандидаттар сайлау алдындағы бағдарламаларымен шығу үшін оларға мемлекет бөлген қаражат шеңберінде баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдар көлемін өздері қайта бөледі.

  1. Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.
  2. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.


         

Төраға                                                                                                 М. Сәдуов

 

Хатшы                                                                                             А.Куштаева

Дата публикации
24 января 2024