2023 жылдың 4 тоқсанына Ақмола облысындағы діни ахуалы туралы ақпарат

2028 жылғы 28 желтоқсан жағдай бойынша аймақта 195 діни бірлестік (бұдан әрі ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 93 - ислам, 48 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1 - Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна Санасы қоғамы.

Діни нысандар - 158, оның ішінде: 93 мешіт; 29 православие шіркеуі; 13 католиктік шіркеулер мен 23 протестанттық үй.  Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 32 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 20 адам Польша, 5 - Филиппиннен, 3- Германия, 2 -  Ресей, 2 – Қазақстан азаматтары.

Көкшетау қ. – 4  миссионер, Ақкөл ауданында – 1, Аршалы ауданында - 1, Астрахан ауданында - 4, Атбасар ауданында - 6, Бұланды ауданында – 4, Бурабай ауданында - 6, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.

28 миссионер католицизмді, 3 протестантизмді уағыздайды (Жаңа апостолдық шіркеу) және 1 вайшнавизмді тұтады.

Есепті кезеңде 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді: электрондық форматта миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 9 куәлік берілді. Бұдан басқа, ұсынылған құжаттардың бекітілген тізбеге сәйкес келмеуіне байланысты Ақмола облысы бойынша МҚАД-нің тестілік өтінішіне миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беруден уәжді бас тарту шешім шығарылды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2021 жылдың басынан бері облыста 150 баланың ата-анасы діни нанымдары бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.

Білім басқармасының мәліметінше, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 109 фактісі анықталды.

«Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.

2023 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11.00-де Ақмола облысының дін істері басқармасымен Достық үйінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Ынтымақ» діни бірлестіктердің басшылары жиналысының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесуге дін істері басқармасының мамандары; Ақмола облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ өкілдері; Көкшетау қ. мен облыстың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

2023 жылғы 28 желтоқсан жағдай бойынша облыста 217 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).

Ақпараттық-түсіндіру топтары 2570 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 25577 адам қатысты.

Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1976 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 97 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және          т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 37 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1842 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).

Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.

Дата публикации
19 января 2024