Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.12.2023ж. халық саны – 788,2 мың адам, оның ішінде қалалық - 445,4 мың адам (56,5%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%
2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 26,1 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылды, 488 жаңа жұмыс орны құрылды.
Оның ішінде ең ірі жоба «Макинск құс фабрикасы» ЖШС «Ақмола облысының Бұланды ауданында инженерлік инфрақұрылыммен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының өндірістік қуатын жылына тірі салмақта 100 мың тоннаға дейін ұлғайту», құны - 25,7 млрд. теңге, 455 жаңа жұмыс орны.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 жылы (01.01.2024ж. жағдай бойынша)
10,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға –
8,6 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,1 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 967,5 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 266 млрд. теңгеге дейін төмендеді немесе 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 92,2%.
658,4 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 5,2%).
Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 286,6 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 19,1%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 110,7%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 110,3%-ды құрады.
2024 жылдың 1 қаңтарына 654,6 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,2% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 605,7 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 96,5%, оның ішінде республикалық бюджетке – 422,9 млрд. теңге (болжамға 92,6%), жергілікті бюджетке – 182,7 млрд. теңге (болжамға 106,9%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.
Білім беру саласында 7 мектептің Аршалы ауданының Жібек Жолы (300 орынға), Жалтыркөл (300 орынға) Целиноград ауданының Өтеміс (120 орынға), Шұбар (300 орынға) ауылдарында, Қосшы
(1200 орынға) және Көкшетау (392 орынға) қалаларында, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласындағы мектепке жапсаржайдың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласында мектептің құрылысы аяқталуда.
Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 6 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (2 нысан) қалаларында
4 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 9 мектептің құрылысын бастау көзделген: Целиноград ауданында 7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жобадан
және Талапкер а. - 2 мектеп), Көкшетау қаласында - 2 жоба.
Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пунктің (ФАП) құрылысы аяқталды. Атбасар ауданы Новосельское ауылында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухананың құрылысы жалғасуда
2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 24,7 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 21 объектінің құрылысына
(8,4 млрд.теңге) және 38 объектіні қайта жаңартуға (13,2 млрд. теңге),
23 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (446,9 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (390,3 млн. теңге), 36 объектіні ағымдағы жөндеуге
(2,1 млрд. теңге), 14 КБМ (188,1 млн. теңге) орнатуға бағытталды.