Ақмола облысы бойынша 2023 жылға арналған қала құрылысы жобаларын (бас жоспарларды, дамыту және құрылыс салу схемаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу және 2024 жылға арналған жоспарларды туралы мәліметтер

Ақмола облысы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілуі 82,3% - ды құрайды (605-тің 498). 187 елді мекен бойынша 2007 жылдан бері әзірленген жаңа бас жоспарлар бар.

2023 жылы облыс бойынша облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 29 елді мекен бойынша қала құрылысы жобалары әзірленді, оның ішінде:

- Ерейментау ауданы Ақмырза, Бестоғай, Енбек, Күншалған, Олжабай батыра, Ынтымақ, Малтабар, Балықты, Жанажол, Селетинское, Уленты,  ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары, Новомарковка ауылы Кенөткел көшесінің ЕЖЖ-сы;

- Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;

- Атбасар ауданы Тельман  ауылын дамыту және құрылыс салу схемасы;

- Зеренді ауданының Троицкое, Ермаковка, Қарағай ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;

- Степногорск қаласының Изобильное, Богенбай ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;

- Бурабай ауданы Сарыбүлақ, Қарашілік, Клинцы, Красный Кордон, Николаевка, Урумкай, Успеноюрьевка, Көрнекты ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары, сондай-ақ Щучинск қаласының 120 га алаңында ЕЖЖ әзірлеу;

- Целиноград ауданы Алтынсарин ауылының бас жоспарын түзету;

- Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының бас жоспарын түзету;

- Қосшы қаласының бас жоспарын әзірлеу аяқталды;

- Көкшетау қаласының бас жоспарының 1-ші кезеңі әзірленді.

Сондай-ақ, 2023 жылы Көкшетау қаласы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 ЕЖЖ түзетілді.

Ағымдағы жылы келесі қала құрылысы жобаларын әзірлеу және түзету жоспарланған:

- Көкшетау қаласының бас жоспарының ІІ –кезеңін әзірлеу;

- Көкшетау қаласы бойынша 2 ЖЖЕ әзірлеу және түзету;

- Степногорск қаласының бас жоспарын әзірлеу;

- Ақкөл ауданының Ақкөл қаласының, Бурабай ауданының Щучинск қаласының, Атбасар ауданының Атбасар қаласының, Ерейментау ауданының Ерейментау қаласының, Біржан сал ауданының Степняк қаласының бас жоспарларын түзету.

 

 

Дата публикации
10 января 2024