2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Ақмола облысының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары және ауылдық округтері әкімдерін сайлаудың қорытындылары бойынша облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 24 желтоқсанда 7 әкімнің сайлауы өтті: оның ішінде 6 ауылдық округ және 1 ауыл. 6 - ауыл әкімдерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды (Аршалы ауданы Сараба а/о, Біржан сал ауданы Заозерное ауылы, Егіндікөл ауданы Алакөл а/о, Зеренді ауданы  М. Ғабдуллин а/о, Сарыөзек а/о, Сандықтау ауданы Белгород с/о), 1 – өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты тағайындалды (Зеренді ауданы Приречен а/о), оның ішінде 1 әкім тікелей сайлауда сайланды (25.07.2021).

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 3291 азамат енгізілді, оның 2365-і (71,86%) дауыс беруге қатысты.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 86,2% (Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі), ең азы 55,72% (Зеренді ауданы Приречен ауылдық округі).

Әкімге үміткерлер саны 21 адам.

Барлық 7 сайлау округінде әкімдер сайланды. 6-ы мемлекеттік қызметші, оның ішінде 5-і қазіргі таңдағы әкім, 1-уі коммерциялық құрылымдардың қызметкері, оның ішінде 4 адам «АМАНАТ» партиясынан, 3 адам өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

Аудандық қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы хабарламалар аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

Дата публикации
28 декабря 2023