АӨК негізгі көрсеткіштері
АӨК субсидиялау
Субсидиялау түріндегі АӨК саласын мемлекеттік қолдау көлемі 55,8 млрд. теңге құрайды (ҚР Үкіметінің резервінен 9,4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлуді ескере отырып), оның ішінде:
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 12,8 млрд. теңге бөлінді;
Егін жинау
Дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 4754,1 мың га алқапта бастырылды немесе егін жинау алаңының 100%, орташа өнімділігі 6,4 ц/га болған кезде 3039,3 мың тонна астық жиналды.
Майлы дақылдар 186,7 мың га алқапқа немесе егін жинау алаңының 100% жиналды, орташа өнімділігі 5,5 ц/га болған кезде 103,5 мың тонна май тұқымы жиналды.
Картоп 13,2 мың га алқапта немесе егін жинау алаңының 100,7% жиналды, орташа өнімділігі 112,6 ц/га болған кезде 148,4 мың тонна жиналды.
Көкөніс 2,1 мың га алқапта немесе егін жинау алаңының 102,3% жиналды, орташа өнімділігі 90,9 ц/га болған кезде 19,5 мың тонна жиналды.
Тұқымдарды толтыру
403,6 мың тонна көлемінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың тұқымдары немесе жоспардың 75,2% - ы себілді (жоспар - 536,8 мың тонна).
Буды өңдеу
(ағымдағы жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша)
1-ші және 2- ші жолмен буды өңдеу 802,4 мың га немесе жоспардың 100,1% алаңында жүргізілді (жоспар - 801,3 мың га), 3-ші жолмен - 668,4 мың га алаңда немесе 83,4%, 4-ші жолмен - 56,6 мың га алаңда немесе 7,1% жүргізілді.
2023 жылғы қаңтар – қараша айларында АШТӨ барлығы 65,4 млрд. теңге сомасына 2099 бірлік техника сатып алды (2022 жылғы қаңтар - қараша айларында - 69,6 млрд. теңгеге 1788 бірлік), оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 23,8 млрд. теңге сомасына 203 бірлік;
- тракторлар – 15,7 млрд. теңге сомасына 327 бірлік;
- тұқым септкіштер – 1,4 млрд. теңге сомасына 433 бірлік;
- егіс кешендері – 5,3 млрд. теңге сомасына 49 бірлік;
- өзге де техникалар – 19,2 млрд. теңге сомасына 1087 бірлік.
Мал шаруашылығы
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 465,3 мың басты (2022 жылдың ұқсас кезеңіне 99,6%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 235,9 мың бас (100,8%).
Жылқылардың саны 260,8 мың басты (109,9%), құстар - 9 077,7 мың басты (99,1%) құрады.
Фермаларды құру
2023 жылы етті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 2531 бас ІҚМ 46 ферма құрылды (1 073,3 млн. теңге сомасына), сүтті мал шаруашылығын дамыту шеңберінде - ретте 801 басқа 5 ферма іске асырылды (сомасы 592 млн. теңге).
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық
жобаларды іске асыру
- 2,4 млрд. теңге сомасына астық қоймаларын салу бойынша 10 жоба (9 жоба іске асырылды);
- 5,2 млрд. теңге сомасына МТФ құру бойынша 6 жоба (4 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 0,4 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба тенге (6 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 2,5 млрд. тенге млрд.теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жоба (9 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 33,3 млрд. тенгеге құс фабрикаларын құру бойынша 3 жоба (2 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 5,7 млрд. тенгеге жерді игеру бойынша 5 жоба (4 жоба іске асырылды);
- жалпы сомасы 4 млрд. теңгеге көкөніс қоймаларын салу бойынша 3 жоба (3 жоба іске асырылды);
- 0,1 млрд. теңге сомасына бордақылау алаңын салу бойынша 2 жоба (2 жоба іске асырылды).
Ақмола облысында:
-өндірістік қуаттылығы жылына 117,8 мың тонна ет өңдейтін 15 кәсіпорын;
-өндірістік қуаттылығы жылына 141,5 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 14 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 794,8 мың тоннаны құрайтын 36 ұн тарту;
-кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 101,4 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
Етті қайта өңдеу
Сүтті қайта өңдеу