«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 25 тамыз қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.12.2023 - 19.12.2023

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 20.12.2023

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.12.2023

Сұхбат: 28.12.2023

Анықтама телефоны: 87162297231

D-O-4 санат (блок Б) үшін орташа лауазымдық жалақы: 242 700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

        Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 25 тамыз қоса алғанда бала күтіміне байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне. Негізгі қызметкер көрсетілген мерзімге дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

 

Функционалдық міндеттері:

        Конкурс құжаттамаларын дайындауға қатысу. Бөлімнің функциясына сәйкес келетін статистикалық есепті құру. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу. Тауар, қызмет, жұмыстарды қамтамасыз етіп, жеткізушілермен келісім-шарт жобаларын әзірлеу. Прокуратура, құқық қорғау және тексеру-бақылау органдарында тексеру өткізу үшін жолдаған құжаттарды есепке алуды ұйымдастыру. Басқарма құжаттарын заң талабына сәйкестігін бақылау. Құқықтық сипаттағы нормативтік-құқықтық актілердің тіркелімін жүргізу және  сақтау. Заңдылықтарға енгізілген өзгерістерді бақылау және қызметкерлерді таныстыру. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын және облыс елді мекендерінің көше жол желісін салу және жөндеу бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік) қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті бюджеттен субсидиялау бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау. Жолаушылар тасымалы және автомобиль көлігі салаларындағы жобалардың қаржылық негіздемені дайындауда қатысу. Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жұмыс орындарын құру бойынша есепті дайындау. Басқарма бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылатын жобалар бойынша жұмыс орындарын құру бойынша аудандық әкімдіктерден жинақтау. Автомобиль жолдары саласында құрылыс-монтаждау жұмыстарда қазақстандық күтіп ұстау үлесі бойынша есепті дайындау. Аудандық әкімдіктердің қазақстандық күтіп ұстау бойынша есептерді жинақтау. Бөлімінің құзыреті шеңберінде Ақмола облысы әкімінің аппаратынан, орталық және басқа да мемлекеттік органдардан келген құжаттардың, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалардан басқармаға келіп түскен өтініштердің уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

 

Білімі бойынша талап:

Бизнес, басқару және құқық (экономика немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе заңтану).

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

        жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне,
не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
12 декабря 2023