Ақмола облысында 2023 жылда 24 желтоқсанда Аршалы ауданы Сараба ауылдық округі, Біржан сал ауданы Заозерное ауылдық округі, Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі, Зеренді ауданы Приречен, Сарыөзек, Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі, Сандықтау ауданы Белгород ауылдық окргтерінде әкімдер сайлауы өтуде.
Бұл ретте 6 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады,1- мерзімінен бұрын кетуіне (басқа аймаққа көшуіне байланысты өз өтініші бойынша) сайланады.
22 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 4 (18,2%); өзін-өзі ұсыну- 18 (81.8%).
1 үміткер қажетті құжаттарды ұсынбағандықтан қабылданбады.
21 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (19.1%) – «АМАНАТ» саяси партиясы; өзін-өзі ұсыну-17(80.9%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3 адамды құрайды.
21 үміткердің 9-ы (42.8%)-әйелдер, 12(57.2%) -еркектер.
Үміткерлердің 19- белсенді мемлекеттік қызметші, 1-бюджеттік сала қызметкері, коммерциялық құрылым қызметкері-1.
Орташа жасы - 40,6 жаста болса, ең кішісі-26 жаста, ең үлкені -58 жаста.
Кандидаттардың 5-ы (23%) өзі сайлауға түскен ауылдық округте тұрады, 16-ы (77%) –басқа аулдық округте тұрады.