Ақмола облысының 2023 жылғы қаңтар-қазандағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.10.2023ж. халық саны – 788,3 мың адам, оның ішінде қалалық - 444,8 мың адам (56,4%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,2%, орыстар – 26,7%, басқалар – 17,1%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 417 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылғы деңгейге 113,4%.

2023 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 26,1 млрд. теңгеге 3 жоба іске асырылды, 488 жаңа жұмыс орны құрылды.

Оның ішінде ең ірі жоба «Макинск құс фабрикасы» ЖШС «Ақмола облысының Бұланды ауданында инженерлік инфрақұрылыммен жұмыс істеп тұрған құс фабрикасының өндірістік қуатын жылына тірі салмақта 100 мың тоннаға дейін ұлғайту», құны - 25,7 млрд. теңге, 455 жаңа жұмыс орны.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 663,5 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2022 жылдың деңгейіне 73,2%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 58,6 мың бірлікті құрады, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 10,3%-ға жоғары.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі  Ұлттық жобаны іске асыруға 2023 жылы (01.11.2023ж. жағдай бойынша)
10,5 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға –
8,1 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 979,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 1,2 млрд. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7%-ға ұлғайып 530,1 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 197,9 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 100,4%. 546,1 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 1,1%).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2023 жылдың 3 тоқсанында) - 4,8%
    (20,6 мың. адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,4% (2023 жылдың 3 тоқсанында). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
    (117 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (428,8 мың адам) 27,3%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 286,6 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 19,1%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 109,4%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 108,4%-ды құрады.

  1. 2023 жылға арналған облыс бюджеті - 659,9 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 67,3%).

2023 жылдың 1 қарашасына 492,7 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,2% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 505,9 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 95,8%, оның ішінде республикалық бюджетке – 358,2 млрд. теңге (болжамға 90,9%), жергілікті бюджетке – 147,7 млрд. теңге (болжамға 110,2%) түсті.

  1. 2023 жылы әлеуметтік салаға 325,5 млрд. теңге (облыс бюджетінің 49,3%), оның ішінде білім беруге – 258,5 млрд. теңге (39,2%), денсаулық сақтауға – 13 млрд. теңге (2%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 90,9%.

Білім беру саласында 5 мектептің Аршалы ауданының Жібек Жолы (300 орынға), Целиноград ауданының Өтеміс (120 орынға) ауылдарында, Қосшы (1200 орынға) және Көкшетау (392 орынға) қалаларында, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласындағы мектепке жапсаржайдың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 2 мектептің Целиноград ауданының Жаңа Жол ауылында және Көкшетау қаласында құрылысы аяқталуда.

Аршалы (Жалтыркөл а.), Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Шұбар а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 7 мектептің,
сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы және Көкшетау қалаларында (3 нысан) 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде
9 мектептің құрылысын бастау көзделген: Целиноград ауданында
7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында -
1 жобадан және Талапкер а. - 2 мектеп)
, Көкшетау қаласында - 2 жоба.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданы Сочинское және Новосельское ауылдарында медициналық пунктің (ФАП), Целиноград ауданының Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысын аяқтау жоспарлануда, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аудандық аурухана құрылысы басталды.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 95,3%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу -93%.

2023 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 24,8 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 22 объектінің құрылысына
(8,6 млрд.теңге) және 40 объектіні қайта жаңартуға (12,8 млрд. теңге),
34 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (520 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (670 млн. теңге), 33 объектіні ағымдағы жөндеуге
(2 млрд. теңге), 17 КБМ (259,3 млн. теңге) орнатуға бағытталды.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік.   

2023 жылғы қаңтар-қазанда ауыр қылмыстардың 11%-ға төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 60,4%-ды құрады.
Аса ауыр қылмыстар өткен жылдың деңгейінде (2022ж. - 77 жағдай), аса ауырды ашу 87,3%-ды құрады. 

Дата публикации
22 ноября 2023